Алматы. 4 қазан. ҚазТАГ – Алматыда облыс пен қаланың түрлі аудандарында балалардың ұрланғаны туралы жалған ақпар таратқан күдікті ұсталды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Полицияның жедел бөлімше қызметкерлері бір күн ішінде балалардың жаппай ұрланып жатқаны-мыс туралы ақпарат таратқан күдіктіні анықтап, ұстады. Ол алматылық 1991 жылы туған әйел болып шықты. Әйел өзінің шынымен қоғамда негізсіз дүрбелең мен үрей туғызған аудио хабарламаның авторы екенін мойындады. Азаматша Р. бұл расталмаған ақпаратты құрбысы айтқанын түсіндірді», - делінген жұмадағы хабарда.
Алматының ПД қылмыстық полиция басқармасының бастығы Жанболат Зиадиннің айтуынша, қазіргі уақытта оған ҚР ҚК 274-бабы 2-бөлігі бойынша (ақпараттық-коммуникациялық жүйелер арқылы жалған ақпарат тарату) айып тағылып отыр. Атап өтілгендей, ұсталған күдікті өз кінәсін мойындаған.
«Мен оның авторымын. Полицияда менің ағам жұмыс жасамайды. Бұл ақпаратты мен танысымнан алдым. Менің даусыммен тараған хабарлама үрей тудырған Алматы қаласының тұрғындарынан кешірім сұраймын. Шынымды айтсам, бұл әлеуметтік желілерде тарап, бүкіл қалада қорқыныш туғызады деп күткен жоқпын. Өтінемін кешіріңіздер», - деді ол.
3 қазанда WhatsApp мессенджерінде Алматының Жетісу және Алатау аудандарында, Алматы облысының Шымбұлақ және Іле аудандарында балалардың жоғалып жатқаны, олардың мұз болып қатырылған денелері Қытайға жүк көліктерімен әкетіліп жатыр-мыс деген хабарлама тараған. Хабарлама авторы ақпаратты полиция қызметкері болып жұмыс жасайтын ағасынан алғанын айтқан.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08