Алматыда банк қызметкерлерінің қатысуымен журналистердің қаржылық сауаттылығы мәселесін талқылады

Күні: 12:56, 20-10-2014.

Алматы. 20 қазан. ҚазТАГ - Қала маңындағы «Лесная сказка» шипажайында Home Credit банкі мен Қазақстан Журналистер одағының қатысуымен өңірлік БАҚ-тарды дамыту және журналистердің қаржылық суаттылығын арттыру тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Интернет forbes.kz сайтының бас редакторы Вадим Борейко, банктің PR қызметінің жетекшісі Ирина Шейкина, «Эксперт- Казахстан» журналының қаржылық шолушысы Татьяна Батищева, Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі Шыңғыс Қанапьянов, Home Credit банкінің басқарма төрағасы Ондрей Кубик, Ұлттық банктің қаржылық қызмет тұтынушылардың құқықтарын  қорғау департаментінің қаржылық сауаттылық басқармасының бастығы Иман аль-Кейси, банк PR тобының жетекшісі Милан Томанек және басқалары қазақстандықтардың қаржылық білімін көтеру тәжірибесімен ой бөлісіп, банк секторы мен бұқаралық ақпарат құралдарының арасындағы байланысты жетілдіру жолдарын анықтады.

«Индустриальная Караганда» облыстық газетінің бас редакторы Владимир Рыжков өңірлік БАҚ-тар мен банк секторының арасындағы ынтымақтастық журналистердің де, жалпы Қазақстан халқының да қаржылық сауаттылығын арттыруға көмегі зор екенін атап кетті. Сондай-ақ жаңа технологиялардың дамуы және газеттер мен журналдардың онлайн-режимге көшуін ескере отырып, өңірлік БАҚ тақырыбы көтерілді.


Жаңалықтармен бөлісу: