Алматыда баннердің белгісіз авторлары Тоқаевты «мылқау» президент деп атаған

Күні: 13:08, 14-06-2019.

Алматы. 14 маусым. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Алматыда баннердің белгісіз авторлары Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты «мылқау» президент деп атаған.
«Мылқау президент» деген жазуы бар Қасым-Жомарт Тоқаевтың портреті, егер куәгерлерге сенсек, Алматыда «Самал» ықшамауданында салынып жатқан үйлердің бірінің жарында 14 маусым күні пайда болған.
Тиісті мәтіні бар бұл фото Instagram-да rukh2k19 парақшасында жарияланған.
«Авторитарлық режим қарсылықтарға үйренбеген және халықтан кезекті заңсыз сайлауды қабылдауды талап етуде. Бірақ Тоқаевты ешкім таңдаған жоқ – оған соңғы күндердегі оқиғалар куә. Біз режимнің жалған ауысуына көнбейміз! Біз президент сайлауын заңды өтті деп мойындамаймыз. Біз оның нәтижесін де мойындамаймыз. Тоқаев - менің президентім емес!» - делінген екі тілде жазылған постта.
Автордың бұл ойы әлеуметтік желі қолданушыларының қолдауына да ие болып үлгерген.
«Жарайсыңдар, жігіттер. Табылған идея», «Күшті слоган. Барлық ой сиып кеткен», - деген секілді комментарийлер қалдырылған пост астында. Аталмыш пост Facebook-те де тарап кеткен.
Еске салсақ, 9 маусымда Қазақстанда сайлау учаскелеріндегі көптеген бұзушылықтар мен Нұр-Сұлтан мен Алматыда митингке шыққандардың жаппай ұсталуы фонында президент сайлауы өтті. Сайлау жеңімпазы болып қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев танылды. Оны ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтті. .
Алматы мен Нұр-Сұлтандағы митингілер мен ұстаулар 9-12 маусым аралығында өтті. .
13 маусымда ҚР бас прокуратура қызметінің бастығы Сапарбек Нұрпеисов «заңсыз акцияларға қатысқаны, полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамағаны үшін сот 957 тұлғаға қытысты әкімшілік жаза тағайындады, оның ішінде 670-і –қамауға алынса, 115-не айыппұл салынды, 172-сі ескерту алды» деп мәлімдеді.


Жаңалықтармен бөлісу: