Алматыда «Барахолка» ауданында ЖҚС өртеніп жатыр

Алматы. 13 қараша. ҚазТАГ – Алматыда «Барахолка» ауданында жанар май құю стансасы (ЖҚС) өртеніп жатыр, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«(Рысқұлов даңғылы, 103/ж мекен жайында – ҚазТАГ) шамамен 130 ш.м. алаңда Petrol Asia жанар май құю кешенінің өртенуі (орын алды – ҚазТАГ)», - деп хабарлады сәрсенбіде Алматыдағы төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметінен.
Департаментте нақтылағандай, өрт 10.32-де ауыздықталған.

adimage