Алматыда белгісіз ер адамды Daewoo Matiz көлігі қағып кетті

Алматы. 24 маусым. КазТАГ – Алматыда белгісіз ер адамды Daewoo Matiz көлігі қағып кетті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Daewoo Matiz көлігі Бурундай көшесімен келе жатқан, Солтүстік айналма жолға жақындағанда өтуге болмайтын жерден белгісіз ер адам жолға жүгіріп шыққан. Жүргізуші көлігін бірден тоқтатып үлгермей, оны қағып кеткен. Алған жарақаттарынан шамамен 30-35 жасар ер адам оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады оқиға куәгері дүйсенбіде.
Марқұмның кім екені анықталмады, себебі оның жанында құжаттары болмаған.
Қазір оның кім екенін анықтаумен ЖКО орнына келген полиция айналысуда.

adimage