Алматы. 22 қазан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматыда белсенділер сайлау туралы және саяси партиялар туралы ҚР заңдарына өзгерту енгізу мәселелері бойынша республикалық референдум өткізу туралы мәлімдеді.
«10 қарашада Нұр-Сұлтанда республикалық референдумның бастамашыл тобының жалпы жиналысын өткізу жоспарлануда», - делінген сейсенбіде баспасөз конференциясында таратылған баспасөз парақшасында.
Бұл ретте атап өтілгендей, «референдумда ҚР сайлау және саяси партиялар туралы заңына өзгеріс енгізу мәселесі көтерілмек».
«Соған байланысты ел азаматтарын мемлекетті басқару ісіне белсенді тарту мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтары сайлауды тек Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» заңына сайлаудың мажоритарлық жүйесін енгізу және мемлекеттік тіркеу барысындағы партия мүшелерінің шекті санын азайтуға қатысты айтарлықтай өзгерістер енгізгеннен кейін ғана сайлау өқткізуді талап етуде», - делінген хабарда.
Өз кезегінде референдум өткізу жөніндегі штаб төрағасы Нұрлан Искалиев штабта 25 адамның барын атап өтті.
«Біз рефрендум өткізу жөніндегі штаб құрдық. Штабта 25 адам бар, негізінен олар тәуелсіз бақылаушылар қозғалысының мүддесін білдірушілер және 1986 жылғы желтоқсан көтерілісіне қатысқандар. Жоғарыда отырған құрылымдар барлығын біздің үнсіз келісімімізбен жасап отыр. Біз былай дейміз – мүмкін біз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, барлығына қарсы тұрармыз. Біздің басты мақсаттарымыздың бірі – осы екі заңды өзгерту. Егер біз оны өзгертсек, мүмкін саяси жағдай да өзгерер», - деді ол.
Оның айтуынша, сайлау және саяси партиялар туралы заңдарға өзгерту енгізу Қазақстан азаматтарына сайлауда партияларды шынайы сайлау мүмкіндігін береді.
«Қазір жағдай мынадай, бізде бір ғана монополиялық партия бар. Сондықтан біз басқа да партиялар құру керек дейміз, сол кезде партиялар арасында бәсекелестік болады. Партиялар арасында бәсекелестік болуы керек - бұл халыққа шынайы бағдарламасын ұсынған халық үшін барынша лайық партияны таңдау құқығын береді», - деп түсіндірді Искалиев.
Бұл ретте ол атап өткендей, референдум бастамашылары митингке шақырмайды , олар заң аясында ғана әрекет етуге ниетті.
«Біз митингке шығуға шақырмаймыз біздің мақсатымыз –қолданыстағы заң аясында жағдайды өзгертуге тырысу. Референдум туралы конституциялық заң бізге ондай құқық береді», - деп атап өтті Искалиев.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34
-
Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды27 Наурыз 2024, 16:04
-
Ақтөбе әуежайы еріген су тасқынына байланысты жабылды27 Наурыз 2024, 14:51