Алматыда белсенділерге митинг өткізуге рұқсат етті

Алматы. 25 маусым. ҚазТАГ – Алматы әкімдігі қоғамдық белсенді Әлнұр Ілияшевке митинг өткізуге рұқсат етті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Алматыда митинг өткізуге қол жеткізуге бірнеше рет талпыныс жасалғаннан кейін біз ақыры тиісті рұқсат алдық. Өтетін орны – «Сары-Арқа» кинотеатрының артындағы саябақ. Енді оны ұйымдастырып, Қазақстан азаматының конституциялық құқығының болуының негізділігі туралы мәселені күн тәртібінен алатындай етіп жоғары дәрежеде өткізуіміз керек. Дайындалатын боламыз», - деп жазды Ілияшев өзінің Facebook парақшасында.
Бұл ретте ол Алматы әкімі Бауыржан Байбектің сканерленген қаулысын көрсеткен.
Ілияшев митинг тақырыбын әлеуметтік желіде атамаған.
Еске салсақ, 9 маусымда Қазақстанда сайлау учаскелеріндегі көптеген бұзушылықтар мен Нұр-Сұлтан мен Алматыда митингке шыққандардың жаппай ұсталуы фонында президент сайлауы өтті. Сайлау жеңімпазы болып қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев танылды. Оны ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтті.
Алматы мен Нұр-Сұлтандағы митингілер мен ұстаулар 9-13 маусым аралығында өтті. Елорда алаңы мен Алматыда ҚР ІІМ ақпарынша сол күндері 700-ге жуық адам ұсталды.

adimage