Алматыда бес қабатты үйден шыққан өрт үшін отпен битум жылытқандарды әкімшілік жауапқа тартады

Күні: 17:04, 02-08-2019.

Алматы. 2 тамыз. ҚазТАГ – Алматыда Назарбаев даңғылындағы бес қабатты үйден шыққан өрт үшін отпен битум жылытқандарды әкімшілік жауапқа тартады, деп хабарлады қаланың ТЖД баспасөз қызметінен.
«Өрт себебі – отпен жұмыс жасау барысында өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмауы. Битумды жылыту үшін ашық от қолданылған, бұл ӨҚЕ өрескел бұзушылығы болып табылады. Мердігер мекеме әкімшілік жауапқа тартылатын болады», - деп хабарлады ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұханбетова.
Бұған дейін хабарланғандай, Алматыда Алмалы ауданы Назарбаев даңғылы 43 мекен жайында орналасқан бес қабатты үйдің шатыры өртенген. Хабарда атап өтілгендей, өрт сөндірушілер мен өрт сөндіруші құралдар көптеп жұмылдырылуда.
Куәгер атап өткендей, ертеңгісін ғимарат шатырында жөндеу жұмыстары жүргізілген, жұмысшылар қарақағаз төсеген, содан кейін өрт шыққан. Өрттен шыққан түтіннен қарақағаздың исі шығып жатыр.
Жол полициясы Назарбаев даңғылы бойында Мәметова көшесі мен Раимбек даңғылы арасындағы жолды жауып тастады. Өртеніп жатқан үйдің тұрғындары қауіпсіз жерлерге шығарылды.
Өрт сөндірушілерден басқа оқиға орнында жедел-жәрдем каретасы мен полиция көліктері де болған.
Өрт 12.31-де сөндірілген.


Жаңалықтармен бөлісу: