Алматыда биологиялық баққа барғаны үшін заңсыз көтерілген тарифтер төмендетілді

Күні: 13:15, 19-10-2018.

Алматы. 19 қазан. ҚазТАГ – Алматы қ. табиғатты қорғау прокуратурасы «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК қызметіне тарифты түрлендіру мәселелеріне талдау жасады, деп хабарлады қаланың қадағалаушы органының баспасөз қызметінен.  
«Институттың қолданыстағы тарифі бақты аралағаны (оқушыларға – Т100, студенттерге – Т200, ересектерге – Т350) үшін, кино түсіргені, телебағдарлама түсіргені (5 мың т/сағ), фототүсірілім үшін (3 мың т/сағ), үйлену тойы иелерінің келгені үшін (Т1 мың т/сағ), үйлену тойы көліктерінің кіргені үшін (Т1 мың әр көлікке), өсімдік нысаны түрлерін анықтағаны үшін (1 данасы үшін Т1200), өсімдерге күтім жасау бойынша кеңестер бергені үшін (1500т/сағ), өсімдік жағдайына баға бергені және оларды сүрген жағдайдағы қалпына келтіру құны   (1500 т/сағ)», - деді прокуратурада.
Алайда, баспасөз қызметінің ақпарынша,  институттың тарифтері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнама мен салық заңнамасын бұза отырып, белгіленген
«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша келесі санаттарға тарифтер төмендетілген: ересек адамдардың аралауы (Т350-ден Т240 дейін), кино, телебағдарлама түсіру   (Т5 мыңнан Т2,4 мың дейін), фототүсірілім ( Т3 мыңнан Т1,2 мың дейін), сондай-ақ үйлену тойы көліктерінің кіру тарифі алынып тасталған», - делінген хабарда.  


Жаңалықтармен бөлісу: