Алматыда бірінші күні 10 «әдемі» автокөлік номері Т4 млн-ға сатылды

Күні: 11:05, 21-10-2014.

Алматы. 21 қазан. ҚазТАГ - Динара Жаркеева. Автокөліктердің он  VIP-номері  Алматыдағы алғашқы сатылым күні  4 млн теңгедей қаражатқа саудаланды, деп хабарлады Алматының  ІІМ әкімшілік полиция бастығының орынбасары Жандос Мұратәлиев.
«Бүгін 10 номерді бердік. 001 - 2 нөмір, 007 - 3 нөмір, 002 - 2 нөмір, 555 - 1 нөмір, 888 - 1 нөмір, 900 - 1 нөмір», - деді хабарлады сейсенбіде КазТАГ  тілшісіне Ж. Мұраталиев.
Осы ретте ол атап өткендей, Алматыда бірінші күні VIP-нөмірді сатып алуға сұраныс өте жоғары болғаны байқалды.
«Бір топ халық «Бұл менің нөмірім!», «Маған бер!» деп сұрап жатты. Көлік құралдарының әкімшілік айыппұлы бар-жоғын тексеретін қосымша қызметкерлерді бөлу туралы шешім қабылданды. Темір тұлпарлар  жүргізушісі айыппұлын толығымен өтемейінше қайта рәсімделмейді», - деп түсіндірді Ж. Мұраталиев.
Сондай-ақ, ол түсіндіріп өткендей, көлік иелері тек нөмірді ғана тандай алады, ал серия ол автоматты түрде беріледі.
«Серияны олар (көлік иелері - КазТАГ) таңдай алмайды. Азамат кассаға нөмірге төлейді, барлық құжаттарға түбіртек ұсынады, содан кейін оған нөмір беріледі», - деп толықтырды Ж. Мұраталиев.
Хабарланғандай, Астанада өткен дүйсенбіде 5 «әдемі»  мемлекеттік тіркелген нөмір таңбаларын (МТНТ)  Т1,5 млн. сатылды.
Естеріңізге сала кетейік, сұранысы көп МТНТ бергені үшін ставканы келесідей мөлшерде көтеру туралы Салық кодексінің 540 бабына түзетулер қолданысқа енгізілді:
- келесідей цифрлық таңбадағы МТНТ бергені үшін:100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 - 13 700 пайыз (1 АЕК Т1852 * 137 = Т253 724);
- келесідей цифрлық таңбадағы МТНТ бергені үшін: 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 - 22 800 пайыз (1 АЕК Т1852 * 228 = Т422 256). Мемлекеттік орган автокөліктерінің мемлекеттік баж салығы өзгеріссіз қалады - 280% АЕК.
1 АЕК=Т1852.


Жаңалықтармен бөлісу: