Алматы. 25 мамыр. ҚазТАГ - Алматыда блокбекетке көліктің соғуынан бір полицей мерт болып, екіншісі жарақат алды, деп хабарлады қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«Сағат 05.26-да BMW маркалы көлігінің жүргізушісі (азамат А. 1992 жылы туған), Қожабеков көшесінің бойымен солтүстік бағытта келе жатып, Жаңа ғасыр көшесінің қиылысында, Алматы облысы Қарасай ауданы, Көксай ықшамауданында №4 блокбекетке соққан: алдымен ол бетон қоршауға соққан, сосын қатты серпіліс күшімен патрульдік көлікке соққан. Патрульдік көлік салонында екі полиция қызметкері болған. (…) Оның бірі – 42 жасар полицияның аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев ауыр жарақатынан жедел жәрдем көлігі келгенге дейін көз жұмған. Ал оның әріптесі -полиция сержанты Дастан Абдықанов ауыр жағдайда жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда айтылғандай, BMW жүргізушісі қамауға алынған.
«Аталмыш дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Қытайда БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті28 Наурыз 2024, 14:34
-
Ешкім көмексіз қалмайды – Бектенов28 Наурыз 2024, 14:26