Жұма күні Қазақстанның солтүстігі мен орталығында ғана жаңбыр жауады

Күні: 09:00, 07-09-2018.

Астана. 7 қыркүйек. ҚазТАГ - Жұма күні Қазақстанның солтүстігі мен орталығында ғана жаңбыр жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Ауқымды антициклон республиканың басым облыстарына өзінің ықпалын тигізеді, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек  Қазақстанның солтүстігі мен орталығында ғана төмен қысымның ықпалына байланысты аздаған  жаңбыр жауады  деп күтілуде. Кей жерлерде жел тұрады, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 5-10 м/с жел тұрады, +15+17. Ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +26+28
Ақмола және Қостанай облыстарында аздаған өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман, екі облыста да +13+18.  
Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, сәйкесінше, +27+32, +13+18, +15+20, +22+27. Бұл ретте Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында  аздаған өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді.
Алматы облысында жауын-шашынсыз, Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с жел тұрады, +26+31.
Қызылордада, ертеңгісін және күндіз Түркістан облысында  кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады,  сондай-ақ екі өңірде де күн ашық, жауын-шашынсыз, +23+28, +25+30.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында күн ашық, жауын-шашынсыз, сәйкесінше, +25+30, +23+28, +23+28, +20+25.
Қарағанды өңірінде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді,  +15+20.
Қызылорда, Түркістанда, Жамбыл, Маңғыстаудың басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан,  Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады.
Сондай-ақ, алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы жекелеген өзендерде су деңгейінің құбылуы күтіледі.  


Жаңалықтармен бөлісу: