Алматыда дәрігерлер манипулятордың астында қалған үш әйелдің жағдайы туралы айтты

Алматы. 15 мамыр. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Алматыда дәрігерлер манипулятордың астында қалған үш әйелдің жағдайы туралы айтты.
«3 науқастың барлығы да аса ауыр жағдайда түсті. Барлық қажетті зертханалық-диагностикалық зерттеулер шұғыл түрде жүргізілді. Сонымен қатар ота да жасалды. Көптеген ауыр жарақат алған. Жан сақтау бөлімінде жатыр, ӨЖД (өкпені жасанды демалту-ҚазТАГ) аппаратына қосылған. ЖСИТ (жан сақтау және қарқынды терапия- ҚазТАГ ) бөлімшесінде ем алып, бақылауда болады», - деді сәрсенбі күні Алматыда денсаулық сақтау басқармасынан.
Бұған дейін хабарлағандай, Алматыда 14 мамырда манипулятордың астында қалған үш әйел жан сақтау бөліміне жеткізілген болатын. Алматы полициясының ақпарынша, манипулятордың бекіткен тіреуіштері ұстамай қалып, ол жанынан өтіп бара жатқан үш әйелді басып қалған.

adimage