Алматыда дауылды ескерту жарияланды

Алматы. 21 ақпан. ҚазТАГ – Алматыда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады қаланың төтенше жағдайлар департаментінен (ТЖД).
«Жауын-шашынның түсуіне, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен қалыңдығына байланысты Кіші Алматы су алабында 21-22 ақпан күндері қар көшкіні жүруі мүмкін», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Департаментте ескерткендей, тауларға барып серуендеу және қар қалың түскен жерлерінде сырғанау өмір үшін қауіпті.

adimage