Алматыда «Дельта» штамымен көбіне вакцина алмаған жастар ауырып жатыр – эпидемиологтар

Алматы. 3 тамыз. ҚазТАГ – Алматыда «Дельта» штамымен көбіне вакцина алмаған жастар ауырып жатыр, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
«Алматыда коронавирустың «дельта» штаммы көбіне екпе салдырып үлгермеген жастарға жұғуда. Вирус жұқтырғандардың 37%-ы 20 мен 40 жас аралығындағы алматылықтар», - деді Алматының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.
Эпидемиологтың айтуынша, «дельта» нұсқасы классикалық ухань штаммынан екі есе залалды. Коронавирустың жаңа түрін жұқтырған науқастарда аурудың симптомдары өзгерді. Адамдардың иістің болмауына шағымдануы азайып, аурудың басқа бір ерекшелігін байқағандар көбейді. Коронавирус жұқтырғандар арасында асқазан-ішек дерттері асқынған.
Бұл ретте, оның айтуынша, COVID-19 «дельта» штаммы иммунитеті мықты, дені сау жастарға да жұғады. Дерт ауыр және бүкіл денеге екі есе тез әсер етеді.
«Соңғы екі аптадағы жас құрылымын талдау жасөспірімдер арасында КВИ таралуының үлесі 0,7%-ға, ал 40-59 жастағы азаматтар арасында – 0,8%-ға өскенін көрсетті. Негізінен, коронавирус жұқтыру 20-40 жас аралығындағы жастарда – 37%-да, 40-59 жастағы азаматтарда - 25%-да, 60 жастан асқан адамдарда – 19%-да және 14 жасқа дейінгі балаларда – 13%-да кездеседі», — деп хабарлады спикер.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары қолда бар вакциналар коронавирустың жаңа нұсқаларынан қорғануға ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ карантин талаптарын, бетперде тағу режимін қатаң сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, байланыстарды шектеу қажет.
Ол қала тұрғындары карантиндік талаптарды бұзуды жалғастырып жатқанын, той ұйымдастыратынын, жұмыс уақытынан тыс істеп жатқан адам лық толы мекемелерге баратынын, өздерін және жақындарын инфекция жұқтыруға ықпал ететіндерін айтты.
«Ықтимал жұқтыру орындары бойынша қала маңына саяхат кезінде инфекциялардың өсуі - 2%, демалыс саябақтары мен жаяу жүргіншілер көшелерінде - 1%, банктерде, пошта бөлімшелері мен халыққа қызмет көрсету орталықтарында - 0,9%, дәріханаларда - 0,9%-ға, отбасылық шараларға қатысқанда - 0,7%-ға, қоғамдық тамақтану орындарында - мейрамханалар, кафелер мен түнгі клубтарда - 0,2%-ға», - деп нақтылады СЭБД бастығының орынбасары.
Тәуекел аймағында әлі де «ашық» иммунитетті, вакциналанбаған адамдар бар, ал олардың саны Алматыда екпе алғандарға қарағанда көп. Жалпы алғанда, вакциналау науқанының барлық кезеңінде Алматы қаласының 725 575 тұрғыны бірінші компонентті салдырды. Өткен тәулікте 4 971 адам екпе алды. Вакциналанған адамдардың жалпы санынан 60 жастан асқандар.
«Коронавирусқа қарсы тиімді«ұжымдық »иммундау туралы халықтың 70%-дан кем емесі вакцина алған кезде ғана айтуға болады. Мен барлық қала тұрғындарын вакцина алуға шақырамын, өйткені ең нашар жағдайда бізді одан да көп жұқтырған адамдар күтеді. Қазірдің өзінде дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне үлкен жүктеме түсіп отыр», - деді Қалықова.
Ол алматылықтардан Үндістанның, Таиландтың, Филиппиннің, Мьянманың, Ұлыбританияның, Ресейдің сценарийлерін қайталамауға шақырды.
«Алматыда коронавирус инфекциясының 1 540 жағдайы тіркелді, оның 1404-і симптомды. Инфекциялық стационарларда 4 930 адам бар, оның ішінде 240 бала. Барлығы 7045 орын дайындалды. Бүгінде интенсивті терапия және реанимация бөлімінде 310 пациент бар, 42 адам ӨЖЖ аппаратына қосылған, 134 адам инвазивті емес ӨЖЖ аппаратында, High flow аппаратында – 111 науқас. Бүгінде 10 070 науқас үйлерінде АМСК пен Телемедицина орталығының мобильді топтарының бақылауында», - деп нақтылады қалалық әкімдіктен.

adimage