Алматы. 18 қыркүйек. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматыда «Сарыарқа» кинотеатрының артындағы саябақта «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске» қарсы митинг өтіп жатыр.
«Митингтің негізгі тақырыбы – вакцина алмаған баланың құқығын қорғау, вакцина алмаған баланың ізіне түсуді болдырмау, оның да басқа балалар секілді мектепке дейінгі ұйымдарға бара алуы, ағзаларды шетелге шығару мәселесі, науқастардың жеке мәліметтерінің қорғалуы», - деді митингті ұйымдастырушы-дәрігер Қаирғали Көнеев.
Сонымен қатар, митингке қатысушылар оқушыларға сексуалдық тақырыпта сабақ өтуге, мектептерде психодиагностика жасау және психотропты препараттарды тағайындау және тағы да басқа мәселелерге қарсылықтарын білдірді.
Митингті өткізуге әкімдік рұқсат еткен. Шараға шамамен 50 адам жиналды, олардың көбі әлеуметтік қашықтықты сақтады.
Еске салсақ, 13 мамырда мәжіліс депутаттары екінші оқылымда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодекс жобасын мақұлдап, оны сенаттың қарауына өткізген болатын. Кодекс қоғам тарапынан жаппай сынға ұшырады. 11 маусымда сенат депутаттары кодекске түзетулер енгізіп, мәжіліске жолдады. 17 маусымда мәжіліс сенат енгізген түзетулермен келісті.
7 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске қол қойды.
1 қыркүйекте қоғамшылдар Тоқаевтың атына жазылған өтініштерінде жаңа Кодекстегі ең қауіпті жайттарды көрсетіп, оның конституцияға да қарсы келетін тұстарын атап өткен.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34