Алматыда екі ирандық азаматша жалған төлқұжатпен шекара бақылауынан өтіп кетпек болған

Күні: 13:28, 14-10-2019.

Астана. 14 қазан. ҚазТАГ – Алматыда екі ирандық азаматша жалған төлқұжатпен шекара бақылауынан өтіп кетпек болған, деп хабарлады Қазақстанның ҰҚК шекара қызметінің (ШҚ) баспасөз қызметінен.
«Рейсті рәсімдеу кезінде шекара жасағы тексеруге ұсынылған құжаттардан жалған төлқұжат белгісін байқаған. Оны ұсынған Италия азаматшаларының Иранның азаматшалары екені анықталды. Шекара жасағы құжаттарды тексеру барысында аталмыш құжаттарын тереңірек тексеруді шешкен, қорытындысында оның белгіленген үлгіге сәйкес келмейтіндігі анықталған, сөйтіп шетелдіктердің төлқұжаттары жалған болып шыққан», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Шекара қызметінде нақтылағандай, оқиға Алматы әуежайында 12 қазанда сағат 6.30-да Ыстамбул-Алматы өткізу пунктінде тіркелген.
«Соңында өтірік итальяндықтардан «Алматы» өткізу пунктінің шекарашылары Иран азаматтарының нағыз құжаттарын тапқан. Ол құжаттарға сәйкес құқық бұзушылар анасы мен қызы болып шықты», - деді ҚР ҰҚК ШҚ.


Жаңалықтармен бөлісу: