Алматыда екі көліктің соқтығысуынан зардап шеккен үш адам ауруханға жеткізілді

Күні: 14:39, 26-07-2019.

Алматы. 26 шілде. ҚазТАГ – Алматыда екі көліктің соқтығысуынан зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Mercedes-Benz көлігі Паладин көшесімен солтүстік бағытта жылжып келе жатқан, сол сәтте Паладин көшесімен оңтүстік бағыттан келе жатқан Lada Granta көлігі Жұмабаев көшесіне солға қарай бұрылып, апатты жағдай туғызып, екінші көлікке жол бермеген. Нәтижесінде Mercedes-Benz толық жылдамдықпен  Lada-ның жанынан соққан. ЖКО салдарынан үш адам зардап шекті», - деп хабарлады жұма күні ЖКО куәгері.
Зардап шеккендер - Mercedes-Benz жүргізушісі мен Lada Granta көлігінің екі жолаушысы. Олар ауруханаға жеткізілді.


Жаңалықтармен бөлісу: