Алматы. 6 маусым. ҚазТАГ - Алматыда екі түнге Гоголь көшесінің бөлігі жабылады, деп хабарлады «Алматы жолдары» ЖШС баспасөз қызметінен.
«Гоголь көшесінде жол жөндеу жұмыстарына байланысты Сейфуллин даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі аралық 6 маусым сағат 23.00-7 маусым 06.00 дейін уақытша жабылады. Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Гоголь көшесінде Сейфуллин даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі аралық 7 маусым сағат 23.00 – 8 маусым 06.00 дейін уақытша жабылатын болады», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Компанияда Алматы тұрғындары мен қонақтарын кептелістерге жол бермеу үшін алдын-ала бағыттарын ойластырып алуды ұсынды.
Алматыда екі түнге Гоголь көшесінің бөлігі жабылады
