Алматыда еркін пікір айту алаңын «ер мінезді» әйелдердің көмегімен құртуға тырысты – «Әділ сөз»

Алматы. 22 шілде. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматыда Қазақстандағы адам құқығы және заңдылықтың сақталуы жөніндегі халықаралық бюросында баспасөз мәслихаты кезінде журналистерге шабуылдың жасалуы еркін пікір айту алаңын құртуға тырысу болып табылады, деп санайды Халықаралық «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорының президенті Тамара Калеева.
«Брінші миға келетіні – Ұлттық баспасөз клубына қатысты, еркін пікір айту алаңына қатысты, ғимараттың екі қабатын құлату арқылы ойларын іске асырды. Ал мына жерде құлата алмайды. Маған құқыққорғау құрылымдары сөз бостандығын шектеудің жаңа тәсілдерін өте сәтті ойлап тауып жатыр деген ой келеді. Митингтегі қолшатырлар, бұрыш салынған бүріккіштерді еске алыңыздар. Ал енді міне, «ер мінезді» әйелдер. Бұл жалға берушінің бюроға (Қазақстандағы адам құқығы және заңдылықтың сақталуы жөніндегі халықаралық бюросы – ҚазТАГ) ғимаратты жалға беруден бас тартуы үшін жасалып отыр. Меніңше, солай жасалған, адамдар өткір тақырыпта сөйлей алатын, өз пікірімен алмаса алатын, оқырман мен көрерменге ақпаратты жеткізуге арналған алаңды жабу үшін жасалған», - деді Калеева дүйсенбі күні ҚазТАГ агенттігіне.
Бұл ретте оның топшылауынша, аталмыш алаңның күн санап танымал бола бастауы «елдекімдерді алаңдатса керек».
Калееваның пікірінше, шабуыл егжей-тегжейлі ойластырылған.
«Идея соншалықты өнегесіз болса, соншалықты керемет: кез келген еркек әйелге қол көтере алмас еді, сондықтан олар бәрін тас-талқан етті, нәтижеге қол жетті. Оны адамгершіліктен жұрдай, арсыз, заң түгілі әдептіліктің өзі жат адамдар жасады», - деп атап өтті ол.
Калеева атап өткендей, тергеу амалдарының нәтижесіздігі шабуылдың тапсырыспен жасалғанының дәлелі болатынын атап өтті.  
«Мен қолда бар бейне жазбалар арқылы кінәлілерді табу түкке тұрмайды деп ойлаймын. Енді көреміз, егер оларды тауып, және олар не үшін осындай әрекетке барғандарын түсіндірсе, сонда полиция адал жұмыс жасаған болады. Ал егер ондай түсіндірулер болмаса, онда біз ол сөз бостандығын шектеуге арналған тапсырыс деген пікірде қаламыз», - деді ол.
Өз кезегінде «Әділ сөз» қорының заңгері Тамара Симахна журналистерге мүліктерінің ұрланғандығы туралы ғана емес, олардың заңды кәсіби қызметтерін атқаруға кедергі келтірілгені туралы да шағым жазуға кеңес берді.
«Журналистер полицияға мүліктері жайлы және журналистің заңды кәсіби қызметтерін атқаруға кедергі келтірілгендігі туралы да арызданулары керек. Егер бейне жазбасы болса, олар кінәлілерді іздестіруді жеделдету үшін бейнежазбаны да ұсына алатындарын көрсетулері керек. Ол арыздарды Әуезов ПБ-на тапсыру керек. Мен сол жерде болған барлық журналистке жиналып қала прокурорының атына тергеу жүргізу, сол әйелдердің кім екендерін анықтау, оларды журналистерге кәсіби қызметтерін атқаруға кедергі келтіргендері, мүліктерін ұрлағандары үшін жауапқа тартуды талап ете отырып, ұжымдық арыз жазуға кеңес берер едім. Прокурорға жүгінген кезде баспасөз мәслихатының тоқтап қалғанын, журналистрге тікелей эфирде жұмыс жасауға, камераға түсіруге мүмкіндік берілмегенін т.б., журналистердің кәсіби қызметіне шын мәнісінде кедергі жасалғанын міндетті түрде көрсетуі керек», - деді ол.
Бұл ретте Симахина жоғалған және бұзылған мүлік құнын өтеуді сот процесі барысында талап етуге болатынын атап өтті.
«Мүлік құнын  өндіріп алуды іс сотқа жеткенде қылмыстық процесс барысында талап етуге болады, сол жерде аталмыш мүліктің құнын өндіру туралы азаматтық арыз бере аласыз», - деп түсіндірді ол.
Симахина орын алған жайтты барынша кеңінен тарату керектігін еске салды.
«Егер аталмыш жайтты кеңінен тарататын болса, журналистердің өздері де үлкен рөл ойнай алады. Әуезов ауданы ПБ-на телефон шалып, бұл істің кімде екенін, тергеушілердің қайсысының бұл іспен айналысып жатқанын анықтап, және онымен үнемі байланыста болу керек. Мүмкіндігінше оның WhatsApp бар ұялы телефон нөмірін алу керек, бұл тек телефон қоңырауларымен ғана шектелмей, істің қалай жүріп жатқаны, кінәлілердің анықталған-анықталмағандығы т.б. туралы хабарламалар алу үшін де. Журналистер бұл тақырыпты ұмытпай, ПБ-да не айтылғаны туралы немесе олардың жауап бермей жатқаны туралы үнемі ақпарат ұсынып отырулары керек. Қайталай беру керек, қайталай беру керек, бұл мәселеге деген қызығушылық басылмау үшін», - деді Симахина.
Бұған дейін хабарланғандай, Алматыда аналардың ізіне түсуге қатысты баспасөз мәслихатында журналистерге шабуыл жасалған еді. ҚазТАГ ХАА қызметкерлерінің аппаратурасының тартып алынғаны, ал «Алматы» телеарнасы мен «Азаттық Радиосының» камераларының мүлдем сындырылғаны туралы хабарланған еді. Полиция шақырылған, алайда ол құқықбұзушыларға қатысты ешқандай шара қолданбаған.
БАҚ қызметкерлері «Мемлекет аналармен және балалармен күресіп жатыр» тақырыбындағы баспасөз мәслихатынан хабар таратпақ болған.
«2019 жылдың 4 шілдесінде Алматының тергеу соты ҚДТ-ға (тыйым салынған «Қазақстан демократиялық таңдауы» - ҚазТАГ) қатыстылығы бойынша айыпталып жатқан Жазира Демеуова, Гүлзипа Жаукерова мен Оксана Шевчукті үй қамағында ұстау түріндегі бұлтартпас шарасын екі айға қамауға алуға өзгертті. Қолдарында кішкентай нәрестелері бар (соның ішінде емшектегі және ерекше қажеттілігі бар) барлық әйелге «тінту» нәтижелері негізінде болмаған митингке белсенді түрде дайындалған деген айып тағылған. Оксана Шевчуктың қорғаушысы қорғалушысының үйінде тінтудің қалай жүргізілгенін, сондай-ақ аудандық сот шешімімен экстремистік болып танылған ұйымға шын мәніндегі қатысытылығы бар-жоғы туралы ақпармен бөлісті», - делінген жақында журналистердің қолына тиген шараның аңдатпасында.
Баспасөз мәслихатында Оксана Шевчуктың қорғаушысы Ғалым Нұрпеисов пен Оксананың төрт баласын тәрбиелеуге алған оның анасы сөйлеу керек болатын.
Еске салсақ, 1 мамырда өткен Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы бейбіт митинг нәтижесінде 80-ге жуық адам ұсталған еді.
Қарсылық акциялары басқа да қалаларда өтті. Көшеге шыққан азаматтар сайлауға бойкот жариялап, елорданың атауын өзгертуге және АЭС құрылысына қарсылық білдіріп, Алматыда ұсталған белсенділер Әсия Төлесова мен Толымбековке қолдау білдірген. Олар 21 сәуірде Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековтың Алматы марафонында «От правды не убежишь», #УМЕНЯЕСТЬВЫБОР, #ADILSAILAYUSHIN жазуы бар плакаттарды ұстап шыққаны үшін 15 тәулікке қамалған еді.
1 мамырда қарсылық акциялары еліміздің басқа да ірі қалаларында өтті. Полиция митингтерді санкцияланбаған деп атап, митингке шыққан азаматтардың әрекетіне заң тұрғысында баға беруге уәде берді.
Көп балалы аналардың азаматтық акцияларға қатысуы Астанада 4 ақпанға қараған түні Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында бөлек орналасқан уақытша жайдан өрт шыққаннан кейін жиілеп кеткен. Өртті сөндіру барысында бес баланың мәйіті табылған: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туылған. Құтқарушылар нақтылағандай, ата-аналар ол кезде жұмыста болған. Көптеген қазақстандықтың пікірінше, егер елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай түнгі ауысымдағы жұмысқа бару үшін балаларын қараусыз қалдыруға тура келмейтіндей жағдай жасаса ғана қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді.
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде азаматтардың жұмысқа орналастыру және жалақыларын көтеру туралы жаппай талап қоюы, сондай-ақ ірі қалалардағы, соның ішінде Астана мен Алматыдағы көп балалы аналардың митинг өткізуі халықтың көңілі толмаушылықтың нәтижесі болып отыр.
Бірінші мамырдағы митинг ісі бойынша Алматының тергеу соты 1 маусым күні кешкісін екі жалғызбасты әйел Жазира Демеуова мен Гүлзипа Жаукероваға қатысты бұлтартпас шарасын таңдады. Сот тыйым салынған ұйым әрекетіне қатысуы мүмкін күдіктілерді екі айға үй қамағына алу туралы үкім шығарды. Сонымен қатар үй қамағына көп балалы ана Оксана Шевчук те алынды. Оның төрт баласы бар, кішкентайы сегіз айлық. 4 шілдеде белгілі болғандай, олардың барлығына қатысты қабылданған «үй қамағына алу» шарасы «қамауға алуға» ауыстырылған.



adimage