«Тапсырыс беруші – «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; атауы - бақша-парк сәулет саласындағы қызметтер; қосымша сипаттамасы - жасыл екпелер объектілерін - Есентай өзенінің саябақтары мен жағалау аймақтарын күтіп ұстау; саны - бір; өлшем бірлік - бір қызмет; жоспарлы сома - Т1 612 425 458,73», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 18 қыркүйекте басталып, 3 қазанда аяқталады.
«Бақша жолдары мен баспалдақтарға күтім жасау: сыпыру (күн сайын) және жуу (күн сайын жылы уақытта), қар мен мұздан тазарту (қыс мезгілінде); қажет болған жағдайда гранитті және мәрмәр беттерге күтім жасау; көгалдарды кездейсоқ қоқыстардан, бұтақтардан тазарту; қоқыс жәшіктерін тазалау - күнделікті; урналарды жуу (қажетіне қарай); көгалдарға арналған тасты қоқыстардан, қардан және мұздан тазарту - қажет болған жағдайда; вегетациялық кезеңде өңсіз раушандарды іріктеп кесу; гүлзарлардың (раушандар, көпжылдықтар, бұталы өсімдіктер) тұрақты күйін сақтау және олардың әртүрлі зиянды организмдерге төзімділігін арттыру үшін вегетациялық кезеңде жапырақты кеміретін және соратын зиянкестер мен саңырауқұлақ ауруларының қоздырғыштарына қарсы аэрозольді және фумигациялық әдістермен профилактикалық емдеу жүргізу», - деп қызметтердің техникалық сиапттамасында жазылған.
Фото көзі: 2gis.kz