Алматыда Ескі алаңда ұсталғандардың бірі полиция автобусында тамырын кесіп жіберді

Алматы. 10 маусым. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова/Әмір Қасенов. Алматыда Ескі алаңда ұсталғандардың бірі полиция автобусында тамырын кесті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Ескі алаңда кездейсоқ кетіп бара жатқандарды ұстағандары үшін полицияға наразылығын білдірген әйелді де әскерилер ұстап алып, полиция автобусына отырғызды. Алайда оның өзімен бірге алмасы бар болып шықты, ол сол алмаспен тамырын кесіп жіберді. Жақын маңда жедел-жәрдем көлігі тұр екен. Қазір дәрігерлер әйелге көмектесуге тырысуда, ол әлі есін жиған жоқ.
Оқиға орнында мобильді интернет жоқ.
Қоршауға алынған ауданға Амантай қажы да келді, ол билікті сынға алып, көп балалы аналарды қолдап сөз сөйледі, алайда кешегі мен бүгінгі жағдайға түсінік бере алмады, себебі оның айтуынша оларды ол «көрмепті». Шамалы сөйлегеннен кейін кетіп қалды, полиция оны ұстаған жоқ.
Ескі алаңда полицейлер қоршауы екінші тәулік сақталуда – олар Төле би, Панфилов және Абылай хан көшелері бойымен және Қазақстан-Британ университеті жанында тізіліп сапқа тұрған. Саябақ та қоршауға алынған. Алматыдағы Арбатта да полицейлердің көптеп жиналғаны туралы айтылуда. Ескі алаңда полицейлер, ШӘАЖ жауынгерлері, әскери камуфляж кигендер жиналған. Сонымен қатар ол жердегі полиция автобустарының да саны көп. Оқиға орнында Алматы полиция департаментінің басшылығы да бар.
Әскерилер адамдарды ұстауды жалғастыруда. ҚазТАГ ХАА тілшісіне белгілі болғандай, ұсталғандарды Медеу, Алмалы және Бостандық аудандарының аудандық полиция басқармаларына алып кетуде. 20 шақты адам ұсталған, оның ішінде әйелдер және бір жас қыз бала бар.
9 маусымда Қазақстанда сайлау учаскелеріндегі көптеген бұзушылықтар мен Нұр-Сұлтан мен Алматыда митингке шыққандардың жаппай ұсталуы фонында президент сайлауы өтті. Митингтер 10 сайлауда да жалғасуда.
Сондай-ақ, бұған дейін хабарланғандай, полиция Алматыда ескі алаңда митингке шыққан ондаған адамды ұстаған. Бәрін түгелдей ұстап жатыр – соның ішінде қарттар мен әйелдер де бар. Кейбір ұсталғандар өздерінің сайлау учаскелеріне қарай бара жатқандарын, жәй қастарынан өткендерін мәлімдеуде, алайда полиция оларды тыңдамаған. Ұсталғандардың енді бір бөлігі әскерилерге белсенді түрде қарсылық білдіруде. Митингке шыққандар Панфилов пен Төле би көшелерінің қиылысына шегіндіріліп тасталған. Полиция тіпті кездейсоқ өтіп бара жатқандарды да ұстап жатыр. Сонымен, аздаған тыныштықтан кейін өтіп бара жатқан бір адамның ұсталуы митингке шыққандардың ашу-ызасын қайта тудырды, тағы да жаңадан адамдар ұсталды. Оқиға орнында мобильді интернет өшіп қалды, ұялы байланыс та іркіліспен жұмыс жасауда. Атап өтілгендей, ұсталғандарды қаланың әр түрлі аудандық полиция басқармасына алып кетіп жатыр, тек Наурызбай ауданындағы ПБ ғана әзірге бос тұр, оны ҚазТАГ ХАА белгілі болғандай, «резервке» ұстап отырса керек.
Ескі алаң ауданын қоршауға алуға полиция, ШӘАЖ және камуфляж бен беттеріне бетперде киген, қолдарында шоқпарлары мен қалқандары бар адамдар жұмылдырылған
Сонымен қатар, Алматыда Ескі алаң ауданындағы жексенбі күнгі митинг туралы хабар таратумен айналысқан бірқатар БАҚ қызметкерлерінің хабарлауынша, полицейлер «Азаттық радиосының» журналисі Петр Троценконы, HOLA News фото тілшісі Айнур Халлиоллаеваны, Vласть интернет-журналының режиссері және шолушысы Катя Суворованы, саясаткер Димаш Әлжановты ұстаған. Кейін белгілі болғандай, кейбір журналистерді босатқан. Одан басқа «Франс-Пресс» (Agence France-Presse, AFP) агенттігінің журналисі Крис Рикклтон Алматыда полицейлердің ұстауы барысында көзін көгертіп алған.
Нұр-Сұлтанда қалқандары бар әскерилер «Жастар» Жастар сарайы ауданын қоршауға алған. Сейфуллин көшесінен Абай көшесіне дейін, Республика даңғылы толығымен полицейлермен жабылған. Абай даңғылы бойында да полицейлер қоршауы тұр. Жастар сарайы ауданын да полиция толық қоршап алған, оларды жағалай көптеген полиция автобустары тұр. Прлицейлердің бір бөлігі оқ өтпейтін кеудеше, қорғаныс каскасын киіп, қалқандармен, автоматпен және шоқпармен қаруланған. Республика сарайы алдында митингке шыққандар саны шамамен екі жүздей, ал әскерилердің саны бұдан да көп. Қарапайым азаматтарды оқиға орнында бірден ұстап, автобустарға әкетуде. Тіпті полицейлердің күш қолданып жатқандары туралы да айтылуда, бірақ полицейлер ондай видеоның барына қарамастан күш қолданғандарын жоққа шығаруда.
Көптеген бұзушылықтар Алматы облысында да тіркелді, ол жерде бақылаушылар бір сайлаушыға екі бюллетень берілгенін байқаған. Сонымен қатар, «Ақиқат» ҚСДП бақылаушылары қосымша тізім бойынша дауыс бергендерді байқаған. Сондай-ақ, Алматыдағы сайлау учаскесінде 100-ге жуық студенттің тұрғылықты жері көрсетілместен, өзі қарамайтын сайлау учаскесіне келіп дауыс бергендері тіркелген. Бұзушылықтың тағы бірі журналистер мен бақылаушылардың айтуынша, дауыс беру құпиялылығының сақталмауы. Бұдан басқа бақылаушылардың өздерінен де көптеген арыз-шағымдар түсуде, олардың айтуынша, сайлау учаскесінің қызметкерлері олардың жұмысына кедергі келтіріп жатыр екен. Ал Алматыда бақылаушыға тіпті шабуыл да жасалған. Көрсетілген осындай бұзушылықтан басқа, видеоға сайлау бюллетендерін жаппай тастау дерегі түсіп қалған – аталмыш жағдай Түркістанда тіркелген. Видеоға түсіп қалған тағы бір бұзушылық Алматы облысында тіркелген, ол жерде сайлау кабинеттерін өшіруге болатын қаламсаптармен жабдықтаған. Бұл жерде де бірнеше адам көптеген бюллтеньдерді урнаға салған. Одан басқа Қарағандыда сайлаушылардың тізімінде 1930 жылы туылған, қайтыс болғанына 13 жыл болған әйел адамның есімі жүр. Ал Нұр-Сұлтанда сайлау учаскелерінің бірінде сайлау комиссиясының мүшесінен бюллетендердің бір бумасы табылған, онда дауыс Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілген. .
Еске салсақ, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 7.00-де елімізде сайлау учаскелері ашылды. Қазақстандағы президент сайлауы сағат 20.00-ге дейін созылды. Одан бірнеше сағат бұрын Жапонияда, Оңтүстік Корея мен Шығыс Азиядағы бірнеше елде қазақстандықтардың дауыс беру процесі басталды. Республикада және шетелде жексенбі күні барлығы 9967 сайлау учаскесі жұмыс жасады.
19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы лауазымындағы өз өкілеттігін 2019 жылдың 20 наурызынан бастап тоқтататыны туралы жарлыққа қол қойған еді. Келесі президент сайлауына дейін елді уақытша сенаттың экс-спикері Тоқаев басқарады.
9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялады, ол үндеуде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтетін мәлімдеді. Кандидаттарды ұсыну 28 сәуірде, ал оларды тіркеу 6 мамырда аяқталды. 11 мамырда елде үгіт кампаниясы басталды.
#сайлау #қазақстан #алматы #президент #бұзушылық #қосанов #тоқаев #еқыұ #митинг #ұстау #полиция #қарсылық #қоршау #шәаж #оск #ортсайлаукомитеті #бару #бойкот


adimage