Алматыда газ монополистіне тарифті көтергені ушін 78 миллион теңге айыппұл салынды

    Алматы.31 наурыз.ҚазТАГ- Алматыда газ монополистіне 78 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.
   «Тексеру нәтижелері бойынша "APL Construction" ЖШС-де бекітілген тарифтік сметаның бұзылуы, сондай-ақ, кварталішілік газбен жабдықтау желілеріне қосылу кезінде жағдайын теріс пайдаланғаны анықталды»,- делінген хабарламада.
Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша тариф 1 мың м3 үшін 6 362,77 теңгеден 5 999,08 теңгеге дейін төмендетілді (5,7%-ға), 184 млн теңге сомасына өтемдік тариф енгізілді.  Монополист компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 159-бабы 3-1 және 164-бөлігі 4-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. 78 миллион теңге көлемінде айыппұл өндірілді.
    «Қабылданған шаралармен Еңбекшіқазақ және Панфилов ауданындағы 11 мың тұтынушыларының құқықтары қорғалды, олардың 300-ден астамы кәсіпкерлер екені белгілі болды»,- деп мәлімдеді прокуратурада.

adimage