Алматыда «ГАЗель» көлігінің шетел көлігімен соқтығысуынан бес адам, соның ішінде үш бала зардап шекті

Күні: 10:48, 04-06-2019.

Алматы. 4 маусым. ҚазТАГ - Алматыда «ГАЗель» көлігінің шетел көлігімен соқтығысуынан бес адам, соның ішінде үш бала зардап шекті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Шемякин және Хмельницкий көшелерінің қиылысында сағат 03.00 шамасында орын алған ЖО салдарынан бес адам, соның ішінде үш бала зардап шекті. Солтүстік бағытта қозғалып келе жатқан «ГАЗель» көлігі Шемякин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан Honda CR-V көлігіне жол бермей кішкентай көшеге қарай бұрылған. Сол сәтте екі көлік бір-біріне соққан», - деп хабарлады «ҚазТАГ» ХАА тілшісіне куәгер сейсенбі күні.
Куәгерлердің айтуынша, түрлі жарақат алғандардың барлығын жедел-жәрдем көлігі ауруханаға жеткізді.
ЖКО себептері мен салдарын ары қарай полиция анықтауда.


Жаңалықтармен бөлісу: