Алматыда Gelandewagen көлігінің жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Күні: 15:11, 20-02-2019.

Алматы. 20 ақпан. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Алматыда адам өліміне алып келген ЖКО-ға жол бергені үшін Gelandewagen көлігінің жүргізушісін сот 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады сот залынан агенттік тілшісі.
«І.Кар ҚР ҚК 345 б.4б.347 б. (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы және ЖКО орнын тастапк етуі- ҚазТАГ)бойынша айыпты деп танылып, (...)10 жылға бас бостандығынан айырылсын, жазасын қауіпсіздігі төмен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтесін», - деді үкімді оқыған Алмалы аудандық сотының судьясы Роман Селицкий сәрсенбі күні.
Сондай-ақ, сот айыптыны жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырды.
Сот ауырлататын мән-жай ретінде ЖКО-ның мас күйде жасалғанын атады.
Сонымен қатар, зардап шегушілерің әрқайсысына Т3 млн көлемінде шығын төлеуді міндетеді.
Бұған дейін хабарлағандай, прокурор І:Кар үшін 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.
Еске салсақ, 2018 жылдың 29 желтоқсанында Абай даңғылы мен Сейфулин даңғылының қиылысында Mercedes Benz G55 көлігін тізгіндеген І.Кар жол жүру ережесін бұза отырып, Mitsubishi Galant көлігімен соқтығысып, оқиға орнынан жасырынған. ЖКО салдарынан Mitsubishi көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы мерт болды, бір жолаушысы түрлі жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
Сараптама қортыныдысы бойынша І.Кардың қанынан ішімдік белгісі табылмаған. алайда құқықорғау органы тергеу амаладры арқылы ЖКО болған кеде оның ішімдік ішкені белгілі болды деп мәлімдеді.
Бұған дейін сотта І.Кар ЖКО-ны жасағанын ғана мойындады, ал ол кезде ішімдік ішкенін және ЖКО орнын тастап кеткенін мойындаған жоқ.


Жаңалықтармен бөлісу: