Алматыда Гоголь көшесінің тағы бір бөлігі 7 сағатқа жабылады

Алматы. 14 тамыз. ҚазТАГ - Алматыда Гоголь көшесінің тағы бір бөлігі 7 сағатқа жабылады, деп хабарлады «Алматы жолдары» баспасөз қызметінен.
«Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Гоголь көшесі Пушкин көшесінен Қалдаяқов көшесіне дейінгі аралық 14 тамыз 23.00-15 тамыз 06.00 дейін жабық болады», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Алматы тұрғындары мен қонақтарына өз бағыттарын алдын-ала жоспарлау ұсынылады

adimage