Алматы. 21 маусым. ҚазТАГ - Алматыда Гоголь мен Наурызбай батыр көшелері алдағы күндері ішінара жабылады, деп хабарлады «Алматы жолдары» баспасөз қызметінен.
«Гоголь көшесінде жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты желтоқсан көшесінен Абылай хан даңғылына дейін 21 маусым сағат 23.00-ден 22 маусым сағат 6.00 дейін жол жабық болады», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Сондай-ақ, Гоголь бойынша Абылай хан даңғылынан Назарбаев даңғылына дейін 22 маусым күні сағат 23.00 – 23 маусым сағат 6.00 дейін жол жабық болады.
«Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Наурызбай батыр көшесінде Абай даңғылынан Темірязев көшесіне дейін 22 маусым 22.00-ден 23 маусым 8.00 дейін жол жабық болады», - делінген хабарда.
Қала тұрғындары мен қонақтарына аталмыш ақпаратты жолға шығар алдында ескеру ұсынылады.
Алматыда Гоголь мен Наурызбай батыр көшелері алдағы күндері ішінара жабылады
