Алматыда граната жарылысынан зардап шеккендер саны 11 адамға дейін жетті

Күні: 12:56, 17-11-2014.

Алматы. 17 қараша. ҚазТАГ – Алматыдағы сән және дизайн колледжінде граната жарылысынан зардап шеккендер саны 11  адамға дейін жетті, деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлә Кеңесбаева.
«Сән және дизайн колледжінде граната жарылды. Қазір медициналық көмек сұрап 11 адам ауруханаға келді, олардың ішінде зардап шеккен 8 адам жедел медициналық көмек ауруханасына жеткізілді, бірақ ол олардың барлығы ауруханаға жатқызылады дегенді аңғартпайды, 1 қыз бала оқиға орнында жан тапсырды», - деді Л. Кеңесбаева дүйсенбі күні агенттікке.
Еске салсақ, ТЖ Райымбек даңғылының бойындағы Сән және дизайн колледжінде орын алды. Граната жарылысы 09.20 сағатта АӘД (НВП) сабағында орын алды.


Жаңалықтармен бөлісу: