Алматыда «Иегова куәгерлері» жас балаларды азғырған деп күдіктелуде

Алматы. 11 қазан. ҚазТАГ – Алматыда «Иегова куәгерлері» кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық әрекет жасаған деген күдікке ілінді, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Тергеушілер күдіктілердің 16 жасқа толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылық құқықтарына қарсы бірқатар қылмыс жасаған болуы мүмкін екендерін тексеруде. Тексерудің аталмыш фигуранттары тергеу мүддесіне орай жария етілмейді», - делінген жұмадағы хабарда.
Бұл ретте атап өтілгендей, ҚР ҚК 122 бабы 3 бөлімі (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау ) бойынша тергеу амалдарының басталуына азаматтардың шағымдануы негіз болған.
Хабарда атап өтілгендей, 9 қазанда Алматы ПД қызметкерлері сот санкциясымен «Иегово куәгерлері» діни ұйымының қызметтік жайларында және оның кейбір мүшелерінің тұрғылықты жерлері бойынша тергеу амалдарын жүргізген.

adimage