Алматыда интернет-банкинг арқылы есірткі саудалап жүрген ҰҚТ мүшелері ұсталды

Күні: 13:56, 10-11-2014.

Алматы. 10 қараша. КазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматыда интернет-банкинг арқылы есірткі саудалап жүрген ҰҚТ мүшелері ұсталды, деп хабарлады Алматы қалалық прокуратурасының ОІҚ (оператвитік-іздестіру қызметінің) басқарма бастығы Виктор Тихонов.
«Қарағашаның 4-нен 5-не қараған күні қалалық прокуратура ІІД-мен бірге интернет-банкинг және төлем терминалдары арқылы есірткі саудалап жүрген ҰҚТ мүшелерін ұстады. Оны ұйымдастырушы мен 8 мүшесі қолға түсті», - деді В.Тихонов дүйсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.
Бұл ретте ол, сатып алушылар диспечерге телефон шалатындығын, ал ол интернет-банкингі, төлем терминалдары арқылы ақша аударылуы тиісті шот номерін хабарлайтынын, ал ақша келіп түскен соң, сатып алушыға есірткіні қай мекен-жайдан алып кету керектігін хабарлап отырғанын айтты.
В.Тихоновтың айтуынша, операцияда құқық қорғау органдарының 80-нен астам қызметкерлері қатысыпты.
«Қылмыскерлерді ұстауға 80 полиция, оның ішінде «Арлан» бөлімшесінің 16 қызметкері мен прокуратураның 10 қызметкері қатысты. Ұстау бірден 6 мекен жай бойынша жүрді, оның ішінде Қапшағай қаласында да», - деді ол.  
В.Тихоновтың айтуынша, ұсталғаннан 1,2 кг марихуана мен 4-5 кг гашиш алынды.
Қылмыстық іс қозғалды.


Жаңалықтармен бөлісу: