Алматыда инвестфорумда $2,3 млрд болатын 30-дан астам келісім мен меморандумға қол қойылды.

Алматы. 27 қараша. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов. Алматыда Almaty Investment Forum 2019 шарасында $2,3 млрд болатын 30-дан астам келісім мен меморандумға қол қойылды.
«Форумда жалпы сомасы 2,3 млрд. доллар болатын мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастықтар арасындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы 31 келісім мен меморандумға қол қойылады деп күтілуде», - делінген сәрсенбіде жарияланған Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарында.
Әкімдік ақпарынша, Соның ішінде Алматы әкімдігі мен Астана «Халықаралық қаржы орталығы» арасында ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша ынтымақтастық пен консультациялар туралы Меморандумға қол қойылады. Сондай-ақ, Алматы әкімдігі мен ЕҚДБ арасындағы 11,3 млн. доллар болатын сомаға «жасыл қалалар» жобасын қаржыландыру туралы алдын ала келісім бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

adimage