Алматы. 10 шілде. ҚазТАГ – Алматыда ірі өрт салдарынан үш автокөлік пен үйдің шатыры өртенген, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Үш автокөлік толығымен өртеніп кетті, ал тілсіз жау жеке тұрғын үйдің шатырын шарпыған», - деп хабарлады сәрсенбіде оқиға куәгері.
Оқиға Наурызбай ауданында Дрозды көшесі, 54 үйде орын алған.
Өрттің жалпы алаңы 150 ш.м. құраған.
Өрт сөндірушілер уақытында келіп, үйді құтқарып қалды, алайда көліктерді құтқару мүмкін болмады.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Алматыда ірі өрт салдарынан үш автокөлік пен үйдің шатыры өртенген
