Алматыда иттердің үш жасар қыз баланы талап өлтіруі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Күні: 19:21, 29-03-2019.

Алматы. 29 наурыз. ҚазТАГ – Алматыда иттердің үш жасар қыз баланы талап өлтіруі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады қаланың полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Аталмыш дерек қазіргі уақытта Алатау ауданы полиция басқармасы ҚР ҚК 104 бабы (абайсызда адам өліміне әкеліп соғу) бойынша тексерілуде. Үш жасар қыз бала өз үйінің ауласында мерт болған», - деп хабарлады жұма күні ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Ол қайғылы жағдай кезінде баланың әкесінің үйде болғанын айтты.
«Ротвейлер тұқымды екі итті тиісті қызметтер оқшаулаған. Іс бойынша сараптама тағайындалды, жағдайдың мән-жайы нақтылануда», - деді Әзірбек.


Жаңалықтармен бөлісу: