Алматыда көлік жүргізушісін арматурамен басынан ұрған- қылмыстық іс қозғалды

   Алматы. 29 мамыр. ҚазТАГ- Алматыда көлік жүргізушісін арматурамен басынан ұрған, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.
   «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
   Видео сипаттамасында мопед жүргізушілерінің бірі көліктің бамперін сырып кеткені айтылған. Жазбада соның кесірінен төбелес шығып, мопедшілер жүргізушіге шабуыл жасап, оның басынан арматурамен ұрған делінген.

Фото көзі: Polisia.kz


adimage