Алматыда көліктерді минут сайын жалға беретін сервиске 4 млн еуро инвестицияланды

Күні: 13:40, 19-10-2018.

Алматы. 19 қазан. ҚазТАГ -  Алматыда италяндық инвестиция есебінен елдегі ең ірі Anytime  каршеринг-сервисі ашылды, деп хабарлады қала әкәмінің баспасөз қызметінен.
«Біздің мобильді қосымшамыз арқылы бос тұрған автомобильге ақы төлеп, алматылық агломерация аумағында көлікті тиімді пайдалануға болады. Сервис клиенттері көлікке май құймайды, жумайды, тұраққа ақша төлемейді, белгілі бір жерге қалдырып кете алмайды», - деп келтірілген жұмада таратылған хабарда «Микро Капитал» халықаралық холдингінің президенті Трани Винченцоның сөзі.  
Мысалы, жалға алған көлікпен тек қала ішінде ғана емес, негізгі туристік дестинацияларға, Медеуге, ҮАӨ, тіпті Қапшағайға дейін баруға болады. Автомобильде автоматты қосылғыш, артқы көріністік камера, навигатор және климат реттеуші бар, делінген хабарда.
Қазіргі кезде жобаға 4 миллион евро инвестиция жұмсалған, «Volkswagen Polи» маркалы 100 автомобиль дайын тұр әрі жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.
«Алматыда орташа жалақысы 300 мың теңге болатын 50 жергілікті маман жұмысқа тартылды», - деді холдинг президенті.  
Алматыда қаланы трансформациялау аясында жаяу жүргінші және велосипед инфрақұрылымы жасалғандықтан компанией келесі жылдан бастап электрлі самокаттар сервисін ашуды қарастыратын болады.
Жыл аяғына дейін қоғамдық көліктің үлесін 80%-ға дейін жеткізу жоспарланған, делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: