Алматыда күн сайын емханаға тұмау және ЖРВИ диагнозымен 4 адамға дейін жүгінеді – дәрігерлер

Күні: 18:52, 06-11-2014.

Алматы. 6 қараша. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Алматыда  күн сайын емханаларға тұмау және ЖРВИ диагнозымен 4 адамға дейін жүгінеді, деп мәлім етті қалалық инфекциялық аурухана бас дәрігері Лаура Тастанбекова.
«Аталған аурулар бойынша эпидемиологиялық маусым басталған жоқ, қаладағы жағдай тұрақты. Тұмау мен ЖРВИ-дің жекелеген оқиғалары бар, емханаларға ол диагнозбен күніне 3-4 адам келеді. Бәлкім, күн суыта, жағдай өзгеретін шығар», - деді Л.Тастанбекова ҚазТАГ тілшісіне бейсенбі күні.
Бұл ретте Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтың мәліметтерінше, Қазақстанда қазірдің өзінде ЖРВИ-дің 68 мың оқиғасы тіркеліпті.  
«Бүгінге республикада 100 мың адамға ЖРВИ жұқтыру көрсеткіші 393,8-ден келеді, ол былтырғы эпидмаусым деңгейінде (2013 жылы – 66 232 ЖРВИ оқиғасы, ауру көрсеткіші – 388,5)», - делінген орталық таратқан хабарда.
Ауру жұқтырудың негізгі үлесі 14-ке толмаған балаларда – 49 252 оқиға (72,4 %). 1 жасқа толмаған нәрестелердің арасында ЖРВИ-дің 7 899 оқиғасы тіркелген (11,6%).


Жаңалықтармен бөлісу: