Алматыда көшелердің бірі бір айға жабылады

Алматы. 26 шілде. ҚазТАГ - Алматыда көшелердің бірі бір айға жабылады, деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС баспасөз қызметінен.
«27 шілдеден бастап 25 тамыз аралығында Түркебаев көшесі Қарасай батыр көшесінен Төле би көшесіне дайын көлік қозғалысы үшін шектеулі болады», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, уақытша шектеулер аталмыш көшелер бөлігінде өтіп жатқан жылу желісіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіліп отыр.
ЖШС мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністік танытып, аталмыш көше бөлігімен жүру схемасын алдын-ала ойластырып алуды ұсынады.

adimage