Алматы. 25 қазан. ҚазТАГ – Алматыда кафеде шыққан 280 ш.м. шарпыған өрт алты көлікке зақым келтірді, деп хабарлады қаланың ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
«25 қазанда сағат 04.16-да Алматы қ. ТЖД «101» тетігіне Алмалы ауданы, Жароков көшесі,43 мекенжайы бойынша орналасқан «Динара» кафесінің өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер аталмыш мекенжайға 7 минутта жетті, сағат 04.23-те. Өрт сөндірушілер келіп жеткенде кафе жалындап өртеніп жатты. Күштер мен құралдар барынша жұмылдырылды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Белгілі болғандай, бір қабатты кафе мен екі Toyota RAV4 және Nissan Primera маркалы көліктері өртенген.
«Ыстық жалынның әсерінен тағы төрт көлік зардап шеккен: Nissan tino, Toyota avensis, Mitsubishi Outlander, Subaru legasi. Tesla көлігіне арналған электр тоғымен жұмыс жасайтын станция, «Алматы Байк» он велосипедінің кәрзеңкесі,сондай-ақ 5 қабатты әкімшілік ғимараттың терезе ойықтары еріген», - делінген хабарда.
Өрт 04.47-де ауыздықталып, 05.17-де сөндірілген. Өрт алаңы 280 ш. м. құрады. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрт себептері анықталуда.
Алматыда кафеде шыққан 280 ш.м. шарпыған өрт алты көлікке зақым келтірді
