Алматы. 29 тамыз. ҚазТАГ – Алматыда әкім орынбасары ауысты, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«Ерлан Аукенов шетелде Лондондағы экономика және саяси ғылымдар мектебінің магистратурасын «Қалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша бітіріп, Алматы әкімінің орынбасары қызметіне қайта оралды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, енді Е.Аукенов көлік, әлеуметтік сала, халықты еңбекпен қамту және ТЖ мәселесіне жетекшілік ететін болады.
Бұған дейін ол индустриалды-инновациялық даму, сауда, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне жетекшілік еткен болатын.
Еске салсақ, Е. Аукенов 2015 жылдың тамызында қала әкімінің орынбасары болып тағайындалған еді, ал 2 жыл өткесін оқуына байланысты қызметінен кетті.
Өз кезегінде әкімнің орынбасары Мұрат Дәрібаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
Алматыда әкім орынбасары ауысты
