Алматы. 6 сәуір. ҚазТАГ – Алматыда коронавирустен тағы екі адам жазылды, деп хабарлады мемкомиссияның жедел штабынан.
«Алматыда КВИ-ден (коронавирустық инфекция – ҚазТАГ) тағы екі адам жазылды. Сонымен Қазақстанда жазылып шыққандар саны 44 адам болды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан да табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда және Шымкентте карантин шаралары күшейтілді.
Бұған дейін Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 584 жағдайы тіркеліп, 42-сі жазылып, алты адам көз жұмған еді.
Қатысты сілтемелер
-
Жапаровтың Қазақстанға сапарының қорытындысы бойынша 10 ға жуық құжатқа қол қойылды19 Сәуiр 2024, 16:57
-
Екіжақты келіссөздер өзара байланыстарды одан әрі дамытуға жол ашады- Тоқаев19 Сәуiр 2024, 15:48
-
Қазақстанның басым облысында алдағы үш тәулікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі19 Сәуiр 2024, 15:32