Алматыда коронавирустық инфекцияның 24 ошағы тіркелді

Алматы. 27 наурыз. ҚазТАГ - Алматыда коронавирустық инфекцияның 24 ошағы тіркелді.
«Алматының тауарлар мен қызмет көрсетулердің сапасын бақылау комитеті департаментінің ақпары бойынша бүгінгі таңда Алматы аумағында – коронавирустық инфекцияның 24 ошағы белгілі болды», - делінген жұма күні таратылған хабарда.
Мәселен, Әуезов ауданында екі ошағы тіркелген (Жетысу-2 ықш, 70а; Мамыр-4 ықш, 313), Алатауда – үш (Заря-Востока ықш, Сары-ой к., 234; Ақкент ықш, 7; Ақбұлақ ықш, 9), Алмалыда – төртеу (Желтоқсан к., 125; Жароков к., 16; Жароков к., 7; Жамбыл к., 155), Медеуде – төртеу (Достық к., 162; Гоголь к., 75; Қонаев к., 62; Самал ықш. - 3, 5), Жетысуда - екеу (Еңлікгүл, 34а; Волочаевская, 51), Бостандықта - біреу (Тұрғыт-Озала к., 242), Наурызбайда - біреу (Ақжар ауылы, Береке к., 1/97.)
Түрксіб ауданында жетеу ( Алтай-1 ықш., 8; Жас қанат ықш., 86; Майлин к, 77; Спасская к., 63; Жұлдыз ықш., 45; Папанин к., 145 а; Жұлдыз-1 ықш., 13).
«Қала билігі карантин режимін сақтауға, карантин аймағы ішінде қозғалысты шектеуді және ол жерге бармауға, жеке гигиена шараларын сақтауға, туыстарымен, достарымен және әріптестерімен және тағы басқаларымен қарым-қатынасты шектеуге шақырды. Мақсаты – коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін төмендету. Қала әкімдігі, медициналық қызмет пен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет індеттің алдын алу және оны жою бойынша күшейтілген шараларды қабылдап жатыр», - деді департаменттен.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 534,5 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 24,1 мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан та табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген.
Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 125 жағдайы тіркелді. 25 наурызда екі қазақстандықтың коронавирустан жазылып шыққаны хабарланған еді. Ал 26 наурызда Нұр-Сұлтанда бір әйел коронавирус инфекциясы салдарынан көз жұмды.

adimage