Алматыда косметика дүкенінде жасырын дәріхана жұмыс жасаған

Алматы. 10 шілде. ҚазТАГ – Алматыда косметика дүкенінде жасырын дәріхана жұмыс жасаған, деп хабарлады қала полициясы департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы бойынша ЭТД өкілдерімен бірге косметика сататын дүкенде жасырын дәріхана жасап, дәрілер сатқан екі азаматты ұстады. Дүкеннің аталмыш қызмет түрін жүргізуге лицензиясы болмаған», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, тергеу амалдарын жүргізу барысында жоғарыда көрсетілген нысаннан жалпы сомасы Т 1 119 200 болатын түрлі 11 мың дәрі мен 100-ден аса ампула тәркіленді.

adimage