Алматыда Әл-Фараби даңғылында 80 км/сағ жылдамдығы кері қайтарылды

Алматы. 19 тамыз. ҚазТАГ – Алматыда Әл-Фараби даңғылында 80 км/сағ жылдамдығы кері қайтарылды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі тарапынан жылдамдық магистральдарында (Әл-Фараби даңғылы, ШААЖ) 60 км/сағ 80 км/сағ дейін жылдамдық режимін қайтару бойынша жасаған үндеуі шешуші фактор болып табылады. 1 тамыз күні өткен Қоғамдық кеңестің жиынында Тәуелсіз автомобиль қоғамының мүшелері қатысып, сөз сөйлеген еді. Көптеген пікірлер, атап айтқанда, жылдамдықтың төмендеуі экологияға, экономика және қауіпсіздік үшін жағымсыз екені айтылды. Осының бәрін назарға алған қала әкімдігі жұртшылықтың қалауы бойынша рұқсат етілген 80 км/сағ жылдамдықты ортақ айналма жол міндетін атқарып отырған Әл-Фараби даңғылы мен ШААЖ-да қайта енгізбек», - делінген хабарда.
Бұл ретте атап өтілгендей, жылдамдық режимін қайтару бойынша тұрғындардан көптеген шағым түскен.
«Сонымен қатар, қала әкімдігіне қала тұрғындары мен автоәуесқойлар тарапынан жоғары жылдамдықты магистральдарда (ШААЖ, Әл-Фараби даңғылы) сағатына 80 шақырымға дейін рұқсат етілген жылдамдықты қайтаруды сұрауда. Шыны керек, қала әкімшілігі соңғы бір жарым айдың ішінде қоғамдық қысымды сезіп келді. Әл-Фараби даңғылы, ШААЖ – қаланың негізгі транзиттік магистральдары болып табылады. Шет елдердің тәжірибесі көрсеткендей, жылдамдықты шектеу көбінесе орталық көшелерге қолданылады. Мысалы, Испанияның айналмалы жолдарында рұқсат етілген ең жоғары жылдамдық 120 км/сағ, Мәскеудің МКАД-ында – 100 км/сағ. Әкім мен әкімдіктің, Open Almaty-ға келіп түскен өтініштердің басым бөлігі аталған көшелерде жылдамдық режимін 80 сағ/шақырым жылдамдықты қайтаруды көрсетті. Бүгінгі күнге 800-ден астам өтініш келіп түсті», - делінген баспасөз парақшасында.
Қоғамдық кеңес мүшесі Рахман Алшановтың жылдамдық режимінің ЖКО санына әсер етпейтіні туралы дәйектері.
«Қалада бас жоспар және жоба бойынша бастапқы жылдамдық 80 км/сағ, ал бас жоспар бойынша үш жылдамдық тас жолы болды. Біздің сарапшылар апат себептерін талдады. ЖКО себептері - ЖЖЕ білмеу, ауа райы, жүргізушілердің жағдайы, ішімдік ішу, тізімнің соңында жылдамдық режимі. Жылдамдық режимінің ЖКО-ға алып келуі мүмкін деген дерегі расталмай отыр. Әл-Фарабиде жол апаты Төле бидегіге қарағанда аз», - деді ол..
Сонымен қатар, Алшанов қозғалыс жылдамдығының Саин даңғылында да 80 км/сағ дейін көбейтілгенін атап өтті.
Еске салсақ, 15 қаңтарда ҚазТАГ Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінен сілтеме жасай отырып, орташа жылдамдықтың Алматыда бірқатар көшелерде төмендетілетінін хабарлаған еді.

adimage