Алматы. 16 шілде. ҚазТАГ - Алматыда Әл-Фараби даңғылында автокөлік өртенді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Volkswagen Transporter автокөлігі Әл-Фараби даңғылы мен Ходжанов көшесінің қиылысында өртенген. Автокөлік Әл-Фараби даңғылы бойымен шығыс бағытта жүріп келе жатып, кенет өртенген. Өрт себебін Бостандық ауданы төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) анықтаушылары анықтауда», - деді «ҚазТАГ» ХАА тілшісіне сейсенбі күні оқиға куәгері.
Оның айтуынша, оқиға орнында бір өрт сөндіруші техника жұмыс жасауда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда жыл сайын мас жүргізушілердің кесірінен 700 адам қаза табады17 Сәуiр 2024, 15:18
-
Шымкентте алаяқтық жасағаны үшін нотариус төрт жылға сотталды17 Сәуiр 2024, 14:57