Алматыда құлаған манипулятордың астында қалған үш әйел жан сақтау бөліміне жеткізілді

Алматы. 15 мамыр. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Алматыда құлаған манипулятордың астында қалған үш әйел жан сақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Манипулятордың бекітіп қойған тіреуіштері ұстамай қалып, техника жанында кетіп бара жатқан үш әйелді басып қалған. Олар ауруханаға жеткізілді, жан сақтау бөлімінде жатыр», - деді сәрсенбіде ПД-нен.
Хабарда атап өтілгендей, оқиға 14 мамырда орын алған.
«Ары қарайғы ақпарат сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша берілетін болады», - деді ведомстводан.

adimage