Алматы. 22 қазан. ҚазТАГ – Алматыда үлкен супермаркеттен өрт шықты, деп хабарлады қаланың ТЖД баспасөз қызметінен.
«22 қазанда сағат 6.56-да Алматы қ. ТЖД «101» тетігіне Әуезов ауданы «Жетісу-3» ықшамауданы 1 «Г» мекенжайы бойынша орналасқан «Магнум» супермаркетінің аумағында орналасқан бутиктің өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минуттан кейін келіп жетті - 7.03-те. Белгілі болғандай, екі бутик өртеніп, оттың жалыны «Магнум» супермаркетінің кіре берісіне жылыстаған (төбе жабынын шарпыған)», - деп хабарлады дүйсенбіде Алматы қ. ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Ол нақтылағандай, ыстық жалын салдарынан «Магнум» ғимаратының оңтүстік қабырғасына зиян келген.
«Өрт сөндірушілер қабылдаған шаралар арқылы оттың жақын маңдағы бутиктерге ығысуының алды алынды. Өртті ауыздықтау 7.29-да жүзеге асып, сағат 7.38-де толық сөндірілді. Өрт алаңы 70 ш.м. құрайды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Алматы өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 56 адам мен сегіз бірлік техникасы жұмылдырылды», - делінген хабарда.
Алматыда үлкен супермаркеттен өрт шықты
