Алматыда маршруттық желіні оңтайландыру тұжырымдамасы әзірленуде

Алматы. 25 қараша. ҚазТАГ – Алматыда маршруттық желіні оңтайландыру тұжырымдамасы әзірленуде, деп хабарлады «Алматы қаласының Көлік холдингі» ЖШС баспасөз қызметінен.
«Алматы қаласының әкімдігі шетелдік әріптестерімен бірге «Алматы қаласының маршруттық желісін оңтайландыру бойынша тұжырымдама әзірлеу» жобасын жүзеге асыруда», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Қазір әзірлеушілер халықтың пікірін білуде.
«Бұл бастама Алматы қаласының көліктік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған және жеке және қоғамдық көлікті пайдаланатын халықтың негізгі талаптарын анықтауға мүмкіндік береді», - деді холдингтен.

adimage