Алматыда медициналық маскалардың бағасы Т118 –ден көтерілмейді – Молдағысымова

Алматы. 10 сәуір. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматыда медициналық маскалардың бағасы Т118 –ден көтерілмейді, деді тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.
«Бір қолға 10 данадан артық берілмейді. Үш қабатты медициналық маскалар үшін белгіленген баға – Т87, бұрышты сүзгісі бары – Т111. Бұл республика бойынша ең төменгі бағалардың бірі», - деді Молдағасымова жұмадағы брифингте.
Бұл ретте ол атап өткендей, Қазақстанда медициналық масканың шекті бағасы Т118 құрап отыр.
«Сауда және интеграция министрлігі, ұлттық экономика министрлігі және денсаулық сақтау министрлігімен 7 сәуірде медициналық маскалардың шекті бағасын бекіту туралы бұйрыққа қол қойылды. Медициналық маскалардың бекітліген шекті бағасы – Т118, оның бағасын одан ары көтеруге жол бберілмейді», - деп еске салды ол.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин шаралары күшейтілді. 3 сәуірде мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы жұмыссыз режимді 6 сәуірден 13 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұдан басқа карантин режимі Шымкентте 4 сәуір сағат 21.00-ден бастап енгізілді. 6 сәуірде Тоқаев екі отандық ғылыми институттың ұжымын коронавирусты анықтауға арналған өзіміздің диагностикалық тест-жүйемізді ойлап табуларымен құттықтады
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 802 жағдайы тіркеліп, 63-і жазылып, тоғыз адам көз жұмды.
10 сәуірде Қазақстанда ТЖ режимі 30 сәуірге дейін ұзартылды.

adimage