Алматыда мотоцикл мен мопедтің соқтығысуынан бір адам көз жұмып, екеуі зардап шекті

Күні: 10:20, 03-07-2019.

Алматы. 3 шілде. ҚазТАГ – Алматыда мотоцикл мен мопедтің соқтығысуынан бір адам көз жұмып, екеуі зардап шекті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Мопед Айтматов көшесінің бойымен батыс бағытта жүріп келе жатқан, ал мотоцикл - шығыс бағытта. Олар бір-бірімен соқтығысып қалған. Мопед жүргізушісі жедел-жәрдем көлігі келгенше алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды, ал мотоциклдің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады сәрсенбі күні оқиға куәгері.
Жол апаты «Ақжар» ықшамауданына жақын жерде орын алған.


Жаңалықтармен бөлісу: