Алматыда мотоцикл жүргізушісі мерт болды

Алматы. 19 шілде. ҚазТАГ - Алматыда мотоцикл жүргізушісі мерт болды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«ЖКО Абай даңғылында – Тургут Озала көшесі мен Ислам Карими көшесі арасында орын алған. Honda мотоциклінің жүргізушісі Абай даңғылымен шығыс бағытта жүріп келе жатқан. Алдын-ала ақпар бойынша қатты жылдамдықпен жүріп келе жатқан ол моттоциклін басқара алмай қалып, жолдың жиегіндегі бордюрге шығып кетіп, ағашқа барып соққан. Жедел-жәрдем көлігі келгенге дейін 1993 ж.т.мотоциклші алған жарақаттарынан көз жұмды», - деді «ҚазТАГ» ХАА тілшісіне жұма күні оқиға куәгері.
Оның айтуынша, жылдамдығының жоғары болғаны соншалық, мотоциклдің дөңгелегі ұшып кеткен.
ЖКО мән-жайын ары қарай анықтаумен полиция айналысып жатыр.

adimage